«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛ БАЙҚАУЫ

Солтүстікқазақстандық омарташылар бал байқауын өткізді. Шараны Қазақстанның «Сот» омарташылар қауымдастығы ұйымдастырды.

Омарташылар фестиваліне жергілікті ара өсірушілер 3 тоннадан астам бал әкелді. Әртүрлі сұрыптағы өнімдерді тек сатып алу міндет емес, дәмін татып, танысуға да мүмкіндік туды. Балдың келісінің бағасы 1300-1500 теңге шамасында болды. Бұл нарықтағы бағадан шамамен 20 пайыз арзан.

Биыл облыстың он омарташысы XXI Омарташылар ұйымы федерациясының конгресіне барады. Ол 15-18 қыркүйек күндері Алматыда өтпек. Шараға әлемнің 16 елінен омарташылар келеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp