Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары бұдан былай банкке мемлекеттік деректер базаларынан алынатын анықтамаларды ұсынбауына болады. Бұл eGov.kz порталының «Үшінші тұлғалармен деректерді растау» жаңа сервисін іске қосу арқасында мүмкін болды. Сервис пилоттық тәртіпте Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жүзеге асырылған.
Несиелеуге өтініш берген кезде банк клиенттеріне мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ болуы, тіркелген құқық пен ауыртпалықтар туралы анықтамаларды, неке туралы мәліметтерді ұсынудың қажеті жоқ. Осы деректердің барлығын банктің өзі клиенттің растауымен ала алады. Растау тәсілдері әртүрлі болмақ. Сұрауды бір рет қолданатын пароль арқылы растау қарастырылған. Егер банк клиенті мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, онда банк деректерді алуға сұрау жіберген кезде клиентке пароль жазылған SMS-хабарлама келеді. Бұл парольды клиент банк қызметкеріне айтуы тиіс. Екінші тәсіл – eGov.kz порталының жеке кабинетіне келетін хабарландыру. Бұл жағдайда клиент жеке кабинетте деректерді беруді растайды, не растамайды. Тағы бір амалы – бұл SMS-растау. Клиентке банк ол туралы белгілі бір мәліметтерді алғысы келетіні туралы хабарлама келеді. Бұған клиент «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Бұл хабарламалар «Мобильдік үкіметтің» SMS-шлюзі арқылы жіберіледі. Бір SMS-тың құны ұялы байланыс операторларының тарифтеріне сәйкес 7 теңгені құрайды.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ
банкі» АҚ Солтүстік Қазақстан
облыстық филиалы.