«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАРМАҚ БАСТЫ, КӨЗ ҚЫСТЫ

Биылғы көктемгі әскерге шақыру науқанында Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарғысы келген бір азаматқа көмектескісі келген Петропавл қаласы әкімі аппаратының қызметкері қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармадан оның құжаттарын жасырын түрде алып шыққан.

Бұл жайлы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Ұлттық бюро департаменттері өкілдерінің қалалық әкімдік аппаратының мамандарымен кездесуінде айтылды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басқарма басшысы Серік Айдарбеков қала әкімі аппараты мен оған бағынышты ұйымдардың жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. Қалалық әкімдікте де сыбайлас жемқорлық әрекеттері әшкере болып жатады. Атап айтсақ, Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғаларының ісі сотта қаралып, оларға жаза тағайындалды. Олар сәулет нысандары үшін бөлінген бюджет қаржысын жымқырған. Ұлттық бюроның облыстық департаментінің мамандары сотқа дейінгі тергеу амалдарының барысында олардың бұрын орнатылған нысандар үшін “Еңбек-Астана” кәсіпорнының филиалына 9 млн. теңгеден астам қаржы аударғанын анықтады.

Жиын қорытындысында Ұлттық бюро департаменті басшысының орынбасары Сәлімбай Шөнеев қалалық әкімдік мамандарына “бармақ басты, көз қысты” әрекеттерден аулақ болу қажеттігін ескертті.

Индира БӘЖЕНОВА,

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp