«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БАРСЕЛОНАНЫҢ” ҮЗДІК ГОЛЫ

Каталониялық клуб жанкүйерлері дауыс беру арқылы “Барселона” тарихындағы ең үздік голды анықтады. Нәтижесінде команда капитаны Лионель Мессидің 2006/2007 маусымындағы Испания кубогының жартылай финалында “Хетафе” қақпасына соққан голы ең үздік деп танылды.

Дауыс беру үш айға созылып, оған 160 елден 500 мыңнан астам адам қатысты. Месси мен Серджио Роберто көп дауыс жинады. Жанкүйерлердің 45 пайызы аргентиналық шабуылшының “Хефате” қақпасына салған голына сүйсінген. Екінші және үшінші орынды да Мессидің голдары еншіледі. Ал Серджио Робертоның чемпиондар лигасында “ПСЖ” қақпасына салған добы үздік төрттікті түйіндеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp