«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАРШАНЫҢ МІНДЕТІ

Облыстық ішкі істер департаментінде “Адам және заң” республикалық газетінің бас редакторы, заң ғылымдарының докторы Марат Бәшімовтің және белгілі заңгер Айдархан Ысқақовтың қатысуымен семинар өтті.

Елбасы “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты Жолдауында: “Біз тіпті ұсақ-түйек құқық бұзушылықтарға, бұзақылыққа, мәдениетсіздікке төзбеуге тиіспіз, себебі, бұл қоғамдық тыныштықты бұзады, өмір сүру сапасын төмендетеді”, – деген болатын. Қоғамдағы тәртіпсіздіктерге “нөлдік төзімділік” қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері шақырылған екен. Меймандар қоғам тыныштығы мен әрбір азаматтың қауіпсіздігін құқық қорғау органдарына ғана жүктеп қоюға болмайтынын айтты. “Оларға қарайламай, мүмкіндігінше кез келген тәртіпсіздіктің алдын алу, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру міндеті тілшілерге де жүктеліп отыр”, – деді Марат Советұлы. Ол қоғамдағы бұзақылыққа, мәдениетсіздікке, басқа да тәртіпсіздіктерге алдымен осы сала мамандары қарсы тұруы керектігін баса айтты.

Әсіресе, лауазымды тұлғалар заңды белден басып, тәртіпсіздікке жол беріп жатса, бұған көз жұмып қарауға болмайды. Бұл ретте журналистер басқаларға үлгі болуға тиіс. Семинарға қатысушылар жиналғандарды заңның үстемдік құруына бір кісідей атсалысуға шақырды.

Айгүл ЫСҚАҚОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp