«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАРЫНША ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ

Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша “100 нақты қадам” Ұлт жоспарының 41-қадамына сәйкес мүлікті және қаржыны заңдастыру рәсімдері оңтайландырылды.

“Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2015 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, онда жария ету тәртібі айқындалды. Біріншіден, ақшаны жария ету рәсімі түбегейлі оңайлатылды.

Енді ақшаны екі тәсілмен заңдастыруға болады. Ол үшін ақшаны ұлттық және (немесе) шетел валютасында екiншi деңгейдегi банкте ашылған шотқа салу керек. Бұдан кейін бұл ақша қаражаттарын өзінің әртүрлі қажеттіліктеріне қолдана алады. Мысалы, оларды бизнеске салып, жылжымайтын мүлік сатып немесе банк шотынан өзіне алуға да болады. Және бұл жағдайда бюджетке 10 пайыздық алым төленбейді.

Келесі тәсіл бойынша екiншi деңгейдегi банктегі ағымдағы шотқа ақшаны салмай жария етілетін ақшаның сомасынан 10 пайыздық алымды төлеу арқылы заңдастыруға болады. Бірінші және екінші әдісте де жария ету субъектісі мемлекеттік кірістер органына арнайы декларация тапсырады.

Қазір Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікті заңдастыру үшін мемлекеттік кірістер органына тиісті декларация және ілеспе құжаттарды тапсыру жеткілікті. Шетелдегі мүліктер де дәл солай жария етіледі. Сонымен қатар, жария ету субъектісі жергілікті жерлердегі әкімдіктердің жанындағы комиссияларға Қазақстан Республикасында орналасқан және бұрын дұрыс ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ету туралы өтініш білдіре алады.

Елбасы жария ету – бұл заңды экономикалық айналымнан шығарылған мүлікке құқықты заңдастырудың соңғы мүмкіндігі екенін атап айтқан. Жария ету – бұл жалпыға бірдей декларациялаудың алдындағы соңғы акт болмақ. Аталмыш акция аяқталғаннан кейін бүкіл әлем бойынша шетелдегі шоттар туралы ақпараттар қайта тексерілетін болады.

Осылайша заң біріншіден, шетелдегі шоттар бойынша ақпаратты жасырғаны үшін әкімшілік жазаны қатайтуды, екіншіден, шетелдегі мүлікті міндетті декларациялауды көздейді.

Жария ету жөніндегі акцияның аяқталуы мен жалпыға бірдей декларациялау рәсімін бірге бастау үшін рақымшылық ету мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Мүлікті жария етуге байланысты барлық мәліметтер салықтық және банктік құпия болып табылады. Жария ету туралы мәліметтерді үшінші тұлғаға таратуға ешкімнің, оның ішінде жария ету жөніндегі комиссия, мемлекеттік кірістер органы, екінші деңгейдегі банк пен “Казпочта” бөлімшелері қызметкерлерінің құқығы жоқ. Мұндай ақпараттарды таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік тағайындалады. Сонымен қатар, жария ету субъектілері құқық қорғау мен өзге де мемлекеттік органдар тарапынан орын алатын заңсыз іс-әрекеттерден қорғалған. Мәселен, қылмыстық істер қозғауға немесе мүлікті және ақшаны жария ету дерегін дәлел ретінде пайдалануға тыйым салынған. Сонымен қатар, жария етілген мүлік тәркілеуге жатпайды.

Қабылданған заң аясында мүлікті жария ету процесін тежейтін барлық шектеулер алынды. Салықтық рақымшылық жасау көзделгенін де айта кеткен жөн. Мүлік пен ақшаны жария еткен жағдайда жария ету субъектісінің 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде алған кірісіне жеке табыс салығы салынбайды. Сондықтан мемлекеттің қамқорлығының арқасында барша азаматтарды мүлікті заңдастыру мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз.

Ескен ӘКІМЖАНОВ,

облыстық қаржы басқармасының

басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp