Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық “Барыс” Қытайдың “Куньлунь Ред Стар” командасын жеңді.
Нұр-Сұлтан қаласында өткен матч барысында отандастарымыз бірден басымдыққа ие болды. Тартысты өткен кездесу барысында бірінші кезеңнің 4-минутында есеп ашты. Ал екінші және үшінші кезеңдерде қарсыластың қақпасына тағы екі шайба тоғытты. Кездесуде Виктор Сведберг, Якоб Лилья және Денис Осипов мергендік танытты. Қорытынды есеп – 3:2.