«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БАРЫС” БАПКЕРСІЗ ҚАЛДЫ

“Барыс” хок­кей клубының бас бапкері Андрей Скабелка жұмысынан кетпек. Қазір клуб басшылығы жаңа бапкер іздестіруде. Бұл туралы клубтың ресми сайтын­да жарияланды.

Белгілі болғандай, клуб басшылығы мен бапкер келісімшартты ұзарту туралы ортақ шешімге келе алмаған. Ал қазіргі келісімшарт 30 сәуірге дейін жарамды.
49 жастағы белорус Андрей Скабелка қазақстандық хоккейшілерге 2018 жылдан бері бапкерлік етті. Екі маусымда Андрей Владимирович пен оның бапкерлік штабы біраз жетістікке қол жеткізді. “Барыс” құрлықтық хоккей лигасында жақсы нәтиже көрсетіп, плей-офф сынына екі рет өтті. Сондай-ақ, Чернышев дивизионында жеңіске жетіп, Шығыс конференциясында екінші орынға жайғасты. Сол себепті клуб басшылығы бапкерге ризашылығын білдіруде.
Бапкердің агенті Шуми Бабаевтың айтуынша, ресейлік “Локоматив” хоккей клубы Андрей Скабелкамен келісімшарт жасасуға ниетті. 

Сурет https://www.hcbarys.kz/ сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp