“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы “Бақытты балалық шақ” партиялық жобасы аясында “Отбасыны қолдау апталығы” акциясын ұйымдастырды. Оған аудандар мен ауылдарда тұратын өнегелі отбасылар қатысуда.
– “Бақытты балалық шақ” партиялық жобасы аясында біз балаларға деген қамқорлықты күшейтіп, оларға отбасы құндылықтарын түсіндіреміз. Жас ұрпақты спортқа баулу да басты міндеттеріміздің бірі. Бүгінде облыс бойынша әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 550 оқушыға материалдық көмек көрсетілді, – деді “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов.
Акция барысында көпбалалы отбасылармен, соғыс және еңбек ардагерлермен, асыранды балалары бар жандармен кездесулер ұйымдастырылып, келушілерге заңгерлер мен психологтер тегін кеңес берді. Сонымен қатар, семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.