«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАР МЕЙІРІМ – БАЛАЛАРҒА

12 жыл бұрын қолға алынған «Мектепке жол» акциясының аясында бүгінге дейін 2 млн.-нан астам оқушыға оқу құралдары, спорттық және мектеп формасы, қысқы киім және аяқкиім әперілді.

Өткен жылы акция аясында әлеуметтік осал топтан шыққан 10 мыңнан астам солтүстікқазақстандық ұл-қыздар мектепке қажетті заттармен қамтылды. Бұған 46 млн. теңге ақша жұмсалды. Бұл істі мемлекет қана қолдап қоймай, кәсіпкерлер, меценаттар мен балғындардың алаңсыз білім алуына қол ұшын созуға ниет білдірген тұрғындар бар.

Бұл жылы акция шілде айынан бастау алды. Облыстық білім басқармасы жұмыс жоспарын құрып, қала және аудан тұрғындарын акцияға қатысуға шақыруда. Көмекке мұқтаж балалардың тізімі жасалып, олардың уақтылы мектепке баруына жағдай жасалатын болады. «Мейірімді қол» шарасының аясында сауда үйлері мен ірі дүкендерде заттар мен оқу құралдарын жинауға арналған контейнерлер қойылады.

Сонымен қатар биылғы оқу жылында жалпы білім беру қорынан 92 млн. теңге бөлінеді. 70 млн. астам қаржы әлеуметтік осал топтан шыққан балаларды ыстық тамақпен қамтуға, тағы 18 млн. теңге оларды сауықтыруға жұмсалмақ. Ал оларға материалдық көмек көрсетуге шамамен 5 млн. теңге бағытталады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp