«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСКЕТБОЛ ДОДАСЫ

Петропавл қаласындағы дарынды балаларға мамандандырылған “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде баскетболдан облыс біріншілігі өтті. 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған сайыста облыс орталығы мен 13 ауданнан келген командалар күш сынасты.

Жарыстың қорытындысы бойынша ерлер арасында “Жеңіс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды. “Барыс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі екінші орыннан көрінсе, Қызылжар ауданының өкілдері үздік үштікті түйіндеді.

Қыздар арасында Тайынша ауданы топ жарса, “Барыс” спорт мектебі мен Жамбыл ауданының спорт мектептері екінші, үшінші орынды иеленді.

Қанат АТАМАНОВ, “Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp