«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСПАНАЛЫ БОЛУ – БАҚЫТ

Петропавл қаласының әкiмдiгi үстіміздегі жылдың 19 шілдесінен бастап “Бақытты отбасы” тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдауды бастады. Аталмыш бағдарлама “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi” АҚ-ы арқылы қаржыландырылып отыр.

Енді өңірімізде тұратын кәме­лет­ке толмаған төрт және одан да көп перзенті бар көпбалалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбие­леп отырған аналар төмен пайыз­дық мөлшерлемемен баспаналы бола алады. Аз қамтылған отбасы­ларға барынша көмек көрсету мақ­сатында жүргізіліп отырған бағ­дар­лама шеңберінде тұрғын үй са­тып алу шарттары біршама жеңіл­деді. Өтініш иелері баспанаға қол жеткізуі үшін алдымен қалалық әкімдікте тұрғын үй алу кезегiне тұ­руы қажет. Бағдарламаның басты талаптарының бірі отбасының бiр мүшесiнiң табысы 42 500 теңгеден аспауы тиiс. Мәселен, егер отбасы алты адамнан тұрса, онда оның жалпы табысы 255 мың теңге ша­масында болуы керек. Тұрғын үйдің он пайыздық бастапқы жар­на­сы төленген соң қалған сома 20 жылға бөлініп қайтарылатын бо­лады. Көпбалалы отба­сы­лар қала аумағында жаңадан са­лынған үйден пәтер немесе жер үй сатып ала алады.

Петропавл қалалық тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығы, жо­лаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi мамандарының ай­туынша, бүгінгі күнге дейін 41 от­ба­сы баспаналы болуға тілек білдір­ген. Соның ішінде 33 отбасының өті­ніші қабылданып, оларға жол­да­ма берілген. Ендігі кезекте бұл отбасылар “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi” АҚ-ның облыстық филиалы арқылы келесі кезеңдерден өтетін болады. Банк филиалы директорының орынба­са­ры Райхан Әбдірахманованың ай­туынша, “Бақытты отбасы” бағ­дар­ла­масын іске асыру мақсатын­да республикалық бюджеттен бө­лінген қаржының 1,5 млрд. теңгесі біздің өңірге бұйырып отыр. “Бұл шамамен алғанда биыл 200-дей отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі деген сөз. Ең бастысы, тұр­ғындар тарапынан таңдалған бас­пананың құны 10 млн. теңге көле­мінде болуы тиіс. Бүгінде қала әкім­ді­гі жолдамаға ие болған­дар­дың несие төлеу мүмкіндіктері мен қаржылай табыстарын тексеруде. Олардың құжаттары дұрыс болса, онда көп ұзамай алғашқы­лар­дың бірі болып өтініш білдірген көпбалалы отбасылар, жалғыз­бас­ты аналар мен мүгедек бала тәр­биелеп отырған жандар баспа­наға қол жеткізбек”, – деді Райхан Тілекқызы.

Қазақстанда 340 мың көпбала­лы отбасы бар. Шамамен оның 32 мыңы пәтерге мұқтаж ретінде жер­гілікті әкімдіктерде кезекте тұр. Ал өңіріміз бойынша 341 көпбалалы отбасының өз баспанасы жоқ. Бағ­дарлама бойынша бұл санаттағы­лардың жартысы аталмыш бағ­дар­лама шеңберінде биылғы жыл­дың өзінде-ақ жаңа пәтерлердің кіл­тіне ие болады. Жыл соңына дейін облыс орталығында 226 көп­балалы отбасына берілетін үш тұр­ғын үйдің құрылысы аяқталады. Ау­дандар бойынша да облыс әкімдігі тарапынан тапсырма беріліп, бү­гін­де баспанаға мұқтаж отбасы­лар­дың тізімі жасалуда.

Кәмел ОМАРҚЫЗЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp