Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихатында облысымызда «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, жыл басынан бері бағдарламаға енгізілген өзгерістер туралы есеп берілді.
Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Владислав Лукиннің айтуынша, мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, өңірімізде өткен жылы жалпы алаңы 250,5 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 2573 пәтер пайдалануға берілген. Үстіміздегі жылы бұл көрсеткіш үш мың пәтерге жеткізілмек.
Қазіргі уақытта Петропавл қаласындағы «Жас өркен» және «Береке» шағынаудандарында 1122 пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. «Основание», «Стройкомпания» және «Future Kaz» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері тұрғызып жатқан бұл баспаналардың 607 пәтері қала әкімдігінде кезекте тұрған азаматтарға тиесілі. Пәтерлер негізінен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға беріледі, – деді Владислав Геннадьевич.
Соңғы жылдары мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатқан баспаналар құрылысы қарқынды. Жергілікті компаниялармен қатар, Көкшетау және Алматы қалаларының құрылыс кәсіпорындары да өз қаржыларына баспана салуға ниет танытуда. Мәселен, екі жыл бұрын мемлекеттік бағдарлама аясындағы тұрғын үйлерді тек екі серіктестік салып келсе, қазіргі уақытта 15 компания 51 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізуді жоспарлауда. Бұл баспаналар солтүстікқазақстандықтарға «7-20-25» бағдарламасы аясында сатылмақ.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.