«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСТАЛДЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС

Басталды жазғы демалыс,
Біз енді қолға тұрмаймыз.
Қыдырып жерге ең алыс,
Уақытқа мойын бұрмаймыз.


Қалаға барып ауылдан,
Көрмеген не бар көреміз.
Ауылға барып қаладан,
Жетеді көкке төбеміз.

Атам мен әжем шығады,
Құшағын жайып алыстан.

Сығалап қарап тұрады,
Балалар былтыр танысқан.

Сағыныш біраз басылып,
Базарлық қалта ашылып.
Уысы толған балалар,
Көңілі судай тасынып.

Жатырқау қалып жайына,
Достасып тез-ақ, көп бала.
Риза боп жаздың айына,
Ойнаймыз күнде топтала.

  Қымбат ӘБІЛДӘҚЫЗЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp