«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСТАУЫШ – БІЛІМ БЕСІГІ

Кез келген оқушы үшін бастауыш сынып – үлкен өмірге алғашқы аттаған баспалдақ. Бүгінгі оқыту үдерісінде баланың бойына сіңірілетін білім жоспарлы сабақпен ғана емес, әртүрлі сыныптан тыс іс-шаралармен де дариды. Бала ой-пікірін шығармашылықпен жеткізе алатын, әр тәжірибені өзіне дәріс деп ұғатын түсінікте болуы керек. Біздің Жамбыл ауданының Жаңажол ауылындағы Ғабит Мүсірепов атындағы орта мектептің ұстаздар ұжымының да көздегені осы.

Оқушылардың сыныпта алған, ой-саналарына түйсінген білімдерін, пәндерге деген қызығушылықтарын ояту және әрі қарай арттыру үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі – жақында өткен “Білім негізі – бастауышта” атты апталық. Апталық мектептің мәжіліс залында салтанатты түрде ашылғаннан кейін әріптесіміз Құралай Дәнібекқызы “Біз саламатты өмір салтын сақтаймыз” атты спорттық ойын өткізді. Келесі күні Алуа Қабидоллақызы дүниетану пәніне лайықталған “Жұлдызды сәт” интеллектуалды ойынымен оқушылардың көңілін баурады. Ал үшінші күні Дана Әскерқызының қазақ тілі пәні бойынша ұйымдастырған “Қазақ тілі – ертеңім, болашағым” атты сайысқа да оқушылар белсене қатысты. Бейсенбі күні әдебиет пәнінен өткен “Зерде” ойыны да қызықты болды. Соңғы күнді жас математиктер сайысы жалғастырып, білім додасына бастауыш сыныптың барлық оқушысы жұмылдырылды. Онда оқушылар топтарға бөлініп, “Кім шапшаң?”, “Ойлан, тап”, “Сиқырлы фигуралар” ойындарын ойнап, логикалық есептер шығарды.

Айнагүл ҚОШПАНОВА,

Ғабит Мүсірепов атындағы орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі.

Жамбыл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp