«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСТЫ БАЙҚАУДА БІРНЕШЕ ЖҮЛДЕ АЛДЫҚ

25 желтоқсан күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру күні аясында жалпыұлттық телекөпір өткізіліп, онда Президенттің “Алтын сапа” және “Парыз” сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталған болатын. Олардың ішінде біздің солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер де бар.

“Қазақстанның үздік тауары – 2014” байқауының “Тұрғындарға арналған үздік тауарлар” аталымында “Левин В.Д.” ЖК – 1-ші, “Блок” ЖШС 2-ші дәрежелі дипломант атанды. “Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар” аталымында “Единство” ЖШС – 1-ші, “Анисифоров” ЖК – 2-ші, “Петропавл құбыр зауыты” ЖШС 3-ші орындарды еншіледі. “Үздік азық-түлік тауарлары” аталымында “КЭСС”, “Казмясопродукт”, “ViZaVi Company” ЖШС-лері тиісінше 1-3 орындарды жеңіп алды.

Жерлестеріміз “Парыз – 2014” байқауында да ерекше көзге түсті. “Экологияға қосқан үлесі үшін” аталымында Қызылжар ауданының орталығындағы Сермұхамед Оралұлы басқаратын “Ахмутдинов” ЖК – 1-ші орын, Петропавлдағы Дмитрий Шаропаев басқаратын “Радуга” ЖШС – 3-ші орын, “Әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын” аталымында Шал ақын ауданындағы Николай Луговой басқаратын “Агросевер” ЖШС – 2-ші орын, “Үздік ұжымдық шарт” аталымында Мамлют ауданындағы Зәпкен Шаяхин басқаратын “Сенім” ЖШС 2-ші орын алды.

  (Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp