Қолданыстағы заңдарды және өзгертулер мен толықтырулар енгізілгелі отырған Кодекстердің негізгі жаңашылдықтарын түсіндіру мақсатында “ЕС-164/8” мекемесінің жеке құрамы мен сотталғандар арасында “дөңгелек үстел” ұйымдастырылды.
Айыртау ауданының құқық қорғау органдарының өкілдері де қатысқан бұл жиында Қылмыстық кодекс және зейнетақы жүйесіндегі негізгі өзгерістерге ерекше мән берілді. Жиынға қатысушылар айтылған мәселелерге қатысты сауалдарын қойып, оған толымды жауап алып отырды. Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерге қатысты сотталғандарға таратылған жадынамалар әр жасақтың құқықтық бұрышына орналастырылды.
Жазасын өтеушілер айыртаулық құқық қорғаушыларға жазаны жеңілдетілген түріне көшіру, шартты мерзімнен бұрын босатуға қатысты сұрақтарын қойды.
Жангелді УӘЛИЕВ,
“ЕС-164/8” мекемесі бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Айыртау ауданы.