«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСТЫ КӨРСЕТКІШ — САПА ДЕҢГЕЙІ

Тәуелсіздік жылдары елімізде жүргізілген сындарлы саясаттың арқасында қоғам дамуыны­ң бар­лық­ саласында түбегейлі өзгеріс­тер жүзеге асырылды­. Соның ішінде билік органдарының тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекет­ті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды. Қазіргі таңда бұл жүйе заман талабына сай жетілдіріліп жатыр. Мемлекеттік кадр саясатын қалып­тастыру, халықтың мемле­кет­тік қызмет түр-леріне қолжетімділігін арттыр­у бағы­тында­ игі бастамалар қолға алынуда.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтама­сыз ету үшін әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге басымдық берілген. Өйткені, мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының көрсеткіші болып табылады. Қызметтердің сапасын жақсарту сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды аспектісі және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арт­­тырады.
Біздің басқарма мемлекеттік қызметтерді көрсетуші ретінде жеке және заңды тұлғалардың талаптарына толық жауап бере отырып, тұрақты негізде мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін жүйелі жетілдіру және қызмет алушылардың шығындарын барынша азайтып, олардың сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдайды.
Кәсіпкерлік – экономиканы дамытудың қозғаушы күші. Өңірде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өткен жылдың қорытындысы бойынша 3,8 пайызға өсіп, отыз мыңға жетті. Облыстың жалпы ішкі өніміндегі үлесінің шамамен үштен бір бөлігі шағын және орта бизнеске тиесілі. Бұл – мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде қол жеткен табыс.
Мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларының бірі – “Бизнестің жол картасы – 2025” мемлекеттік бағдарламасы. Осы бағдарлама шеңберінде мынадай екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
– бағдарлама шеңберінде мем­лекеттік гранттарды ұсыну. Бұл қызметті көрсету мерзімі 48 жұмыс күнінен 29 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Қызмет қағаз және электронды түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті алудың негізгі шарттарына кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өту, жобаны қоса қаржыландыру туралы сертификаттың болуы, қайтарылатын гранттың жалпы сомасының 10 пайыздан кем еместігі, жұмыс орындарын құрудың бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігі жатады. Гранттың ең жоғары сомасы 2-5 млн. теңгені құрайды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 37 млн. теңгенің 17 гранты берілді, оның ішінде “Жастар жылы” аясында 9 жас кәсіпкер 21 млн. теңге алды.
– бағдарлама шеңберінде жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу. Осы қызметті көрсету мерзімі 15 жұмыс күнінен 11 жұмыс күніне дейін оңтайландырылды. Кәсіпкерлердің бес өтініші мақұлданды.
Бағдарлама шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін негізде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Ұлт­тық экономика министрлігі жоғарыда көрсетілген қызметтерді автоматтандыруды жүзеге асырды, бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша өтініштерді қарау және шешім қабылдау уақытын қысқартуға мүмкіндік берді.
Кәсіпкерлік субъектілерінің бағ­дарлама құралдарын белсенді пайдалануы қолдау тетіктерін жетілдіре және кредит мақсаттарының тізбесін кеңейте отырып, оны 2025 жылға дейін іске асыруды қамтамасыз етті.
Басқарма мамандары туризм саласында “туристік операторлық қызметке лицензия беру” бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді ақылы негізде “Е-лицензиялау” порталы арқылы электронды нысанда жүзеге асырады. 2019 жылы туристік қызметпен айналысуға 4 лицензия берілді.
Басқарма биылдан бастап мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асыруда. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес 2019 жыл және 2020 жылдың 1 тоқсанының қорытындылары бойынша қызметтер көрсету мерзімдерін бұзуға және қызмет көрсету сапасына қатысты шағым түскен жоқ.


Құралай ЖАРОВА,
облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp