«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСШЫЛАР АУЫСТЫ

Жуырда Қазақстанның бірнеше спорт федерацияларының басшылары ауысты. 

Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Велосипед спорты федерациясының кеңейтілген отырысында ұйымның жаңа президенті сайланды. Осыған дейін басшылық қызметті атқарған Дархан Қалетаевтың өкілеттігі тоқтап, Нұрлан Смағұлов федерация тізгінін қолға алды. Кеңейтілген жиында федерация мүшелері бірауыздан Нұрлан Смағұловтың кандидатурасын қолдады.

Сондай-ақ, елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев “Қазақ күресі” ұлттық федерациясының президенті болып сайланды. Ал федерацияны 6 жыл бойы басқарған Арман Шораев вице-президент лауазымына тағайындалды.
Ал Қазақстан су спорты түрлері федерациясының кезектен тыс конференциясында Андрей Крюков федерация президенті болып сайланды.
Бұған дейін ұйымды басқарған Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметіне қайта сайланды.

 

Сурет http://www.beldesu.kz сайтынан алынды
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp