«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСҚАРМАЛАРДЫҢ САНЫ ҚЫСҚАРДЫ

Бұл жайында “Фейсбуктегi” өз парақшасында облыс әкiмi Құмар Ақсақалов мәлiмдедi.

«Президенттiң тапсырмасына орай бiз жинақы әрi тиiмдi мемлекеттiк аппарат құрып жатырмыз. Осыған байланысты облыс басқармаларын қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргiзiлуде.⠀
Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы жойылады. Дiн iстерi басқармасы мен мемлекеттiк сатып алулар басқармасы құрылды.⠀
Жастар саясаты басқармасы iшкi саясат басқармасына қосылды. Жер қатынастары басқармасы ауыл шаруашылығы басқармасына қосылды.
Кәсiпкерлiк және туризм басқармасы индустриялық-инновациялық даму басқармасына қосылды.⠀
Тiлдердi дамыту басқармасы мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бiрiктiрiлдi. Бұл толық ойластырылған шешiм. Мәдениет және тiл — бiр-бiрiмен тығыз байланысқан ұғымдар. Екi басқарманы бiрiктiре отыра, бiз өңiрдегi тiл саясатын жаңа деңгейде дамыта аламыз. Бiрiккен басқарманың жұмысына қосымша қазақ тiлi мамандары тартылады. Сондай-ақ, тiлдердi дамытуға бөлiнетiн қаржы көлемi өсе түспек», — деп жазды Құмар Ақсақалов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp