«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ СОТТАЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары пара алғаны үшін сотталды.

 Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Х. Тасболатовқа қатысты тергеуді аяқтап, сотқа тапсырған еді. Ол жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің директорынан Ақжар ауданының автокөлік жолдарын қарау және қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын жеңіп алуға қолдау жасағаны үшін 200 мың теңге көлемінде пара бопсалады деген күдікке іліккен болатын. 12 ақпан күні Петропавл қалалық сотының үкімімен Ғ. Тасболатов 4 млн. 500 мың теңге айыппұл төлеуге кесілді. Сонымен қатар ол енді өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp