«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ КҮДІККЕ ІЛІНДІ

Осыған дейін екі бірдей басшысы жемқорлық фактісі бойынша істі болған облыстық мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының үшінші басшысына да пара алды деген айып тағылып отыр.

Өңіріміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы басшысы және бөлім басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, олар қызметтік өкілеттіктеріне кіретін іс-әрекеттер үшін айтарлықтай мөлшерде жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта екі эпизод бойынша жалпы сомасы 650 мың теңге пара алды деген айып тағылды.
Басқарма басшысына қатысты үйде қамап ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған лауазымды тұлғалардың қылмыстық әрекетінің жолын кесу нәтижесінде ірі мөлшерде пара алу қылмысының жолы кесілді.
Қазір тергеу жалғасуда. Түпкілікті шешімді сот шығарады.  

Сурет https://tengrinews.kz/ сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp