Сағындық ӘБІЛДИНОВ,
Ғ.Мүсірепов атындағы аудан бойынша ҚАИ №2 әділет аға лейтенанты.
Биылғы жылы Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық №2 қылмыстық-атқару инспекцияның тіркеуінде қылмыс жасаған 3 әйел бар. Олар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-бабының 2-бөлігімен бас бостандығын шектеу түріндегі жазамен сотталғандар.
Сот жазасын өтеуші бұл ретте мынадай талаптарды мінсіз орындауы тиіс: қылмыстық-атқару инспекциясы әкімшілігінің рұқсатынсыз жұмыс орнын, мекенжайын өзгертпеу, жұмыстан бос уақытында өз мекенжайында болу, инспекцияға тіркеуге және тәрбие шараларына белгіленген мерзімде келу, 24 сағат ішінде қылмыстық-атқару инспекциясына жұмыс кестесінің өзгеруін хабарлау. Сонымен қатар сот жазасын өтеушіге бұдан басқа міндеттер жүктелуі мүмкін.
Қылмыс жасалғандығына қарамастан, әйелдерге бала тәрбиелеу, еңбек ету, қоғамдық өмірдің басқа салаларына да араласу мүмкіндігі беріледі.
Қылмыстық-атқару инспекциясының негізі мақсаты жазасын өтеушілер арасында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәрбие жұмыстарын жүргізу болып табылады. Бұрын сотталғандарды тәрбиелеу негізінен идеологиялық жұмыстар арқылы жүргізілген болса, қазір ізгілікті көзқарас негізінде заңдылық қатынаста және адамгершілік қасиеттерге бейімдеу бағытында жүзеге асырылады.
Инспекция есебіне тіркеуде тұрған сотталғандар өздерінің жасаған қылмысының жазасын өтеу үшін дұрыс жолға түсуге ұмтылып, жүргізілген тәрбие жұмыстарының нәтижелі болуына септігін тигізе отырып, қоғамда қалыптасқан сыйластық қарым-қатынасты бұзбай, өздерін жақсы жағынан таныта білген жағдайда оларға жазаны өтеу мерзімінен бұрын босату жеңілдіктері қолданылады.