«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАС ЖҮЛДЕ АЛМАТЫЛЫҚТАРДА

Алматы қаласында оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша ХІ халықаралық Жәутіков олимпиадасы мәресіне жетті. Олимпиадаға Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Болгария, Румыния, Сербия және Моңғолия, тағы басқа да әлемнің 15 елінен 58 команда (400-ге жуық олимпиадашы) қатысты.

Ең үздік мамандандырылған мектептер бойынша 7 команда олимпиада жеңімпазы атанды.

Осындай қиын додада командалық есеп бойынша бас жүлдені бірінші рет Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы орта мектеп оқушылары жеңіп алды. Бұған дейін жеті мәрте бас жүлдені алып келген Мәскеу қаласының командасы 1-орынға ие болды. 2-орынды Ереван (Армения) мемлекеттік университетінің физика-математика мектебі мен София (Болгария) математика мектебінің командалары өзара бөлісті. 3-орынды Челябинскінің (Ресей) №31 лицейі мен №199 “Комаров” мектебі (Грузия) және Беларусь мемлекеттік университетінің лицейі (Минск қ.) командалары иеленді.

Жеңімпаз командалардың әрбір қатысушысы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Гран при жеңіп алған команда қатысушылары ультрабукке ие болды. 6 команда мақтау қағаздарымен марапатталды.

Барлығы 182 медальдың 51-ін Қазақстан оқушылары жеңіп алды. Жалпы 31 алтын медальдың 4-еуі, 63 күміс медальдың 19-ы және 88 қола медальдың 28-і қазақстандық олимпиадашылардың еншісінде.

Қазақстандық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге және шетелдік жеңімпаздарға Назарбаев Университеттің білім гранттары берілді. Тарихта бірінші рет Әзірбайжан университеті (Баку қаласы) барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге білім гранттарын ұсынды.

Аталмыш олимпиадаға біздің өңірден барған Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың төрт оқушысы сертификаттарды місе тұтты.

(Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің сайтындағы

ақпарат негізінде). дайындалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp