Петропавлдық спортшылар Қызылорда қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында жекпе-жектен өткен ел біріншілігінде жеңімпаз атанды. Бәсекелі сайыста бағын сынаған 7 жерлесіміз 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.