«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАТЫРЛАРДЫҢ ҚАРУ-ЖАРАҚТАРЫ

“Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінің ұйымдастыруымен “XVIII ғасырдағы қазақ батырларының қару-жарақтары” атты онлайн дәріс өтті.

Шара барысында көрермендер онлайн режімде мұражай қорымен танысуға мүмкіндік алды. Экскурсия жүргізушісі Әлиасқар Нәбиев құнды жәдігерлерге тоқталып, қару-жарақтардың шығу тарихымен таныстырды.

– Қазақта “ер қаруы – бес қару” деген нақыл текке айтылмаған. Бұрын біздің ата-бабаларымыз қару-жараққа ерекше мән берген. Олар бірнеше топқа бөлінген. Соның ішінде шанышқалы, лақтырмалы, кескіш, соққы, жарғыш сынды шабуыл қарулары болған, – дей келе Әлиасқар Нәбиев жауынгерлік ұрыстарда батырлар қалқан, найза, қылыш, садақ, шоқпар, айбалта пайдаланғанын айтты.

Қазіргі таңда мұражай қорында XVIII ғасырға тән қылыш, мылтық, найзаның ұшы сынды қару-жарақтар бар. Осынау құнды жәдігерлерге қызығушылық білдірген көрермендер әлеуметтік желілер арқылы өздерінің сауалдарын жолдап, нақты жауап алды. Көпшілік онлайн дәрістер жиі өткізілсе деген тілектерін білдірді. Себебі, мұндай танымдық шаралардың өскелең ұрпақ үшін маңызы зор.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp