«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАТЫРҒА ТАҒЗЫМ

Кеңес Одағының Батыры Әбу Досмұхамбетовтың зираты Чернобыль маңында күтімсіз қалғандықтан, даңқты жерлесіміздің сүйегін Петропавлға қайта жерлеу жайында облыстық “Soltústіk Qazaqstan” газетінің беттерінде бұған дейін де талай жазылған болатын. Батырдың туған-туысқандары көтерген бұл бастама облыс басшылығы мен жұртшылық өкілдері тарапынан да қолдау тапқан еді. Осы мақсатқа және зират басына ескерткіш орнатуға қаржы жинау үшін “Кеңес Одағының Батыры Әбу Досмұхамбетов атындағы қор” да құрылды. Күрмеуі қиын бұл жұмысты Ұлы Жеңістің 75 жылдығына дейін аяқтау жоспарланған болатын. Алайда, бүкіл әлемге жайылған коронавирус пандемиясына байланысты жоспарды жүзеге асыру мүмкін болмады. Қазіргі жағдайда батырдың сүйегін қайта жерлеу туралы мәселе кейінге шегерілді.

Алайда, Ұлы Отан соғысында ерліктің ерен үлгісін көрсете білген жерлесіміздің туыстары биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай оның есімін атаусыз қалдырмады. Олар Петропавлдағы батыр атындағы мектеп-гимназияның алдындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, атақты бабаларын еске алды. Қор да өз жұмысын тоқтатпақ емес. Бұл ұйым басқа да қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, Ұлы Отан соғысында ерлік жасаған жерлестерімізді өскелең ұрпаққа таныстыру бағытындағы жұмысын жалғастыра бермек.

 

Виктор ДУБРОВИН,

“Кеңес Одағының Батыры Әбу Досмұхамбетов атындағы қордың” қамқоршылық кеңесінің мүшесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp