«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Баға қайда барасың?

Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сүйенер болсақ, өңірімізде қыркүйек айында азық-түлік тауарларының бағасы 4,4 пайызға өсіп, азық-түлік емес тауарлар 5,7 пайызға, ақылы қызметтер 4,8 пайызға қымбаттаған.

Бұл ретте жұмыртқа бағасының 8 пайызға, ет бағасының 3,5 пайызға, алкогольсіз өнімдер 5,9 пайызға, нан өнімдері мен жарма 0,3 пайызға қымбаттағандығын айта кету керек. Сонымен қатар, картоп бағасы 30,6 пайызға, жеміс-жидек пен көкөністер 8,3 пайызға арзандап, қант пен кондитерлік тауарлар құны 3,6 пайызға төмендеген.

Үйде пайдаланылатын заттардың да бағасы біршама өсе түсті. Тұрмыстық техникалар мен жеке бас тазалығына қажетті заттардың, демалыс пен мәдениет саласындағы қызметтердің және киім-кешектердің жекелеген түрлерінің де бағасы артты. Дизельді отынның бағасы 12,7 пайызға өсті. Темір жолмен тасымал 5 пайызға арзандаған.

2016 жылдың қыркүйегінде ең төменгі күнкөріс мөлшері 22 399 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш алдындағы жылдың желтоқсан айындағы жағдаймен салыстырғанда 22,3 пайызға өсті. Азық-түлік себетінің құны – 13 439 теңге болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp