«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДАҒЫ ЖАРАСЫМДЫ ІСТЕР

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де “Ұлы даланың жеті қыры – болашаққа бағдар” тақырыбында өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған білім ордасының оқытушылары мен студенттері, тарихшылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

 Конференция барысында баяндамашылар арасында “Ұлы даланың жеті қыры” бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру барысын талқылау бойынша келелі сұхбат өрбіді. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің проректоры Ақмарал Ибраева, “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі бөлім жетекшісі Эльмира Танақұлова, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатының директоры Сәуле Мәлікова, тарихшы Сабыр Ыбыраев Елбасы көтерген бастамалар негізінде Қазақстанды жаңғыртудың мәселелерін ғылыми негіздерге сүйене отырып талқыға салды. Эльмира Танақұлованың айтуынша, бүгінде өңірімізде аталмыш бағдарламаның алты бағыты бойынша жұмыс жүргізілуде. 10-нан астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылған.
Сонымен қатар конференцияға қатысушылар бағдарламалық мақаланың идеяларын жүзеге асыру мен білім беру қызметінің сапасын арттыру жолдары және “Мәңгілік елге” айналу идеясының негізгі бағыттары туралы да ой бөлісті. Өлкетанушы Сансызбай Жұмабек “Ел қорғаны – ерен батырлар” тақырыбында баяндама жасап, жас ұрпақты Қызылжар өңірінен шыққан батырлардың отансүйгіштік, елжандылық қасиеттері негізінде тәрбиелеу керектігін еске салды. Оқу орнының басшылығына “Ұлы даланың жеті қырымен” бірге өзге ұлттық бағдарламалар аясында ұлы бабаларымызға арналған шараларды жиі өткізу жөніндегі ұсынысын жеткізді. Өзге баяндамашылар қоғамдық сананы жаңғырту аясында жүргізіліп жатқан жұмысты кеңінен насихаттау қажеттігін алға тартты. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp