«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҒДАРЛАМА ТОҚТАТЫЛМАЙДЫ

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы өз жұмысын тоқтатты деген ақпарат тарады. Жуырда бұл жайға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі түсінік берді. Банк қызметкерлерінің мәлімдеуінше, құрылыстың және тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі арқылы қолжетімді тұрғын үй алу тетігінің барлық шарттары толық сақталған.

Банк бағдарламаның “Жас отбасыларға арналған тұрғын үй” және “Тұрғындардың барлық санаттарына арналған тұрғын үй” екі бағытын жүзеге асыруды жалғастыра береді. “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасының аясында көзделген құрылыс көлемі өзгеріссіз қалады. Мысалы, 2015 жылы “Тұрғындардың барлық санаттарына арналған тұрғын үй” бағыты бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 326 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарлануда. Ал “Жас отбасыларға арналған тұрғын үй” бағыты бойынша 213 мың шаршы метр тұрғын үй салынбақ. Жалпы еліміз бойынша 2020 жылға дейін 2 миллион 806 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ақпарат құралдарында тараған әңгіменің осы жылғы 1 қаңтардан бастап “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасының бұрынғы дербестігінен айрылып, тағы басқа төрт мемлекеттік бағдарламамен бірге “2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы” құрамына енгізілуіне байланысты тарағанын айтады. Ол Үкіметтің 2014 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен бекітілген. Жаңа құжат өңірлерді және ірі агломерацияларды кешенді дамытуға мүмкіндік береді.

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp