«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҒЫТЫНАН ЖАҢЫЛҒАН ӘЙЕЛГЕ ЖӘРДЕМДЕСТІ

Мереке күндері солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары ондаған адамға көмек көрсетті. 

Ресей азаматы қаңтардың 1-інен 2-сіне қараған түні өз көлігімен Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы Рузаевка ауылына қонаққа бара жатып, бағытынан жаңылған. Оның үстіне қар құрсауы бөгет болып, “112” нөміріне хабарласқан. Қай жерде тұрғанын түсіндіріп бере алмады. Тек таңғы 8 кезінде ғана жанынан өтіп бара жатқан жүк көлігін тоқтатып, жөн сұраған әйел Айыртау ауданына қарасты Арықбалық ауылынан он шақырым жерде тұрғанын білген. Оған қол ұшын созған Арықбалық ауылдық округінің учаскелік инспекторы Абылайхан Рамазанов жергілікті жауапкершілігі серіктестіктен көмек сұрайды. Кәсіпорын тракторшысы Николай Ващенко оқиға орнына жедел жетіп, жолды қардан тазартып, адасқан әйелді аудан орталығы Саумалкөл ауылына дейін жеткізіп салды. Одан әрі тәртіп сақшылары ресейлік мейманға бара жатқан жағына жол сілтеп жіберді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp