«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҒЫҢДЫ СЫНА, ЖАС ӨРЕН!

Түркітілдес елдер тарихында алғаш рет “Bala Turkvizyon – 2015” атты халықаралық балалар ән байқауы өткізілмек.

Қазақстандағы іріктеу кезеңі 8 маусым мен 1 тамыз аралығында өтеді. Отандық эстрада жұлдыздарынан құралған 16 тәлімгер республиканың 14 облысы мен Алматы және Астана қалаларында болып, 8-13 жас аралығындағы таланттарды іздемек. Осы іріктеуден өткен 16 дарынды бала Алматы қаласына шақырылып, өнер саласындағы ұстаздардан вокалдық және әртістік шеберлікті, сахнадағы қозғалыстар мен би өнерін меңгереді. Ал “Bala Turkvizyon – 2015” ұлттық байқауының финалы елордамыз – Астана қаласында өтеді. Сөйтіп, жеңімпаз халықаралық “Bala Turkvizyon – 2015” байқауына жолдама алады. Аталмыш байқау “Жандану әлемі” қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаеваның қамқорлығымен ұйымдастырылуда. Ал халықаралық байқаудың ақтық кезеңі Түрікменстанның Мары қаласында өтеді деп жоспарланған.

Аталмыш байқаудың іріктеу кезеңі біздің өңірімізде 1 тамыз күні өткізілмек. Қатысуға ниет білдіруші үміткерлердің қабілетін, шама-шарқын елімізге белгілі әнші, халықаралық “Шабыт” фестивалінің лауреаты, өңіріміздің тумасы Әділхан Майкин бағалайтын болады.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

 “Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp