«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҚЫТЫМЫЗҒА БАСТАУ БОЛҒАЙ!

Қазақ халқының танымындағы он екі жыл атауының әрқайсысының өзіндік мәні, терең мағынасы бар. Есік қағып, жұртшылықты қуантқалы тұрған Жаңа жылдан әр адам ерекше оқиғалар, жағымды жаңалықтар, тосын қуаныштар күтері сөзсіз.

Мен де Жаңа жылды жыл сайын бала-шағамның ортасында қарсы алып, осы күнді көруді нәсіп қылған Жаратушыға шүкірлік айтып, дұға-тілектермен күтемін. Бірақ менің Жаңа жылым күн мен түннің теңеліп, Жер-анамыз ақ көрпесін жасыл кілемге алмастырған наурыз айының жиырма екінші жұлдызынан басталады. Ал желтоқсанның соңғы күнін күнтізбелік жыл ретінде елеусіз қалдырмаймын. Дос-жарандарымның, әріптестерімнің, жерлестерімнің құттықтауларын қабыл алып, бір дастарқан басында отыруға асығамын.  

Жаңа жылда еліміздің тарихында елеулі оқиғалар, айтулы өзгерістер болады. Ең біріншіден, тарихы тереңнен бастау алатын қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдық мерекесінің ойдағыдай тойлануын, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығының өз дәрежесінде аталып өтілуін күтіп қана қоймай, азаматтық сүбелі үлесімді қосуды мақсатым деп санаймын. Сондай-ақ, өзім қызмет істейтін қалалық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдарының да биіктерді бағындыруына, олардың дамуына, әл-ауқаттарының артуына, биік шыңдардан көрінуіне сенімім мол.  

Сұлушаш ЖАНБОЛАТОВА,

Петропавл қалалық Мәдениет үйі директорының орынбасары.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp