«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҚЫТҚА БӨЛЕНУ – БАРШАНЫҢ ЕНШІСІ

Жаз мезгілінің алғашқы күніне тап келетін мерекені балалар асыға күтеді. Облыс орталығында, елді мекендер мен аудандарда балаларға арналған мерекелік шаралар ұйымдастырылып, саябақтарда жеңілдіктер жасалады. Ата-аналар кішкентай бөбектерін қолдарына ұстап, қыдырып, көңіл көтереді. Балалардың қуанышты жүздерін көрген қандай ғанибет?! Сол кезде бұл баладан өмірде бақытты ешкім жоқ екенін түсінесің. Себебі, оның қасында ең қымбат жандары – әкесі мен анасы бар.

Ал ата-анасынан қапыда айрылып, жетім қалған балаларды маңдайынан иіскеп, “айналайын” деп еркелететін ешкімнің жоқ екендігін ойлау мені қатты алаңдатады. Қазақ халқының тарихында не әдебиетінде жетімдер үйі деген мүлдем болмаған. Жетімді жылатпаған халықпыз. Тіпті, біздің қандастарымыз өзгенің баласын өзегінен теппей, өзінікіндей көрген. Оған жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық ғылыми жобалар сайысына қатысу, іздену барысында көзім анық жетті. Жобамда қазақ әдебиетінің әр кезеңдерінде жетімдіктің тауқыметін тартқан кейіпкерлер жайында жазылған туындыларды талдадым. Онда соғысқа дейінгі, кейінгі және тәуелсіздік жылдарында жарыққа шыққан әдеби шығармаларды таңдап алдым.  

Шығармаларды оқи отыра, әр кезеңдердегі жетімдердің тағдыры әрқилы екендігіне көзім жетті. Мәселен, Мұхтар Мағауиннің “Бір атаның балалары” атты туындысында Ахмет деген кейіпкер қиындықтардың туатындығына қарамастан, немістің баласын асырап алады. Оның бұл шешімі – үлкен ерлік. Ал қазір басқа ұлт түгілі, туған балаларын асырай алмай, тірі жетім етіп жүрген ата-аналар жетерлік. Ахмет қарттың жүдеу көңіліне немістің баласы медеу болды. Асырауына алған баланың арқасында өмірі қуанышқа толы болды деп ойлаймын.

Ақнұр АРҒЫМБАЕВА,

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған

гимназия-интернаттың 10-сынып оқушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp