«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҚ СЫНАМАҚ

2017 жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасына қабылданудан үмітті 309 спортшы дайындалуда. Бұл саңлақтардың үштен бірі Алматы қаласының атынан өнер көрсетпек.

Спорт мамандарының айтуынша, үкілеген үміттеріміздің Универсиада барысында қалай өнер көрсететіндігін болжау қиын. Алайда, шаңғышылардан, конькишілерден, биатлоншылардан және мәнерлеп сырғанау мен фристайлдан жеңістен дәмеліміз.

Сондай-ақ, қысқы Универсиада ойындарына Алматы қаласы тарапынан қосымша 4 спорт түрі енгізілді. Халықаралық студенттік спорт федерациясының (ФИСУ) ережесі бойынша Универсиаданы өткізетін қалаға тағы төрт медальдық спорт түрін таңдау құқығы берілген.

Алматы қаласы тарапынан 8 міндетті спорт түріне қоса, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, коньки спорты және фристайл таңдап алынды. 2017 жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиада аясында жалпы 12 медальдық және бір медальдық емес спорт түрінен жарыс өтеді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp