«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бейнебақылаудың көмегі көп

Адамдар көп шоғырланатын ғимараттарға бейнебақылау құрылғыларын орнатудың маңызы зор. Бұл тың бастама бүгінде әлеуметтік қорғау саласында да сәтті жүзеге асырылуда.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен (2019 жылғы 12 желтоқсанда №671 толықтыру енгізілген) бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесінің 11-тармағын орындау барысында үстіміздегі жылы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыстық департаментіне бейнебақылау жүйесін сатып алуға қаражат бөлінді. Нәтижесінде ведомствоның барлық бөлімдерінде жазбалар кемінде 4 айға дейін сақталатын аудиобейне құрылғы орнатылды.

Бүгінде мұндай заманауи құрылғылардың көмегі зор екеніне тәжірибе жүзінде көз жеткізіп отырмыз. Біріншіден, бейнебақылау арқылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алуға мүмкіндік туды. Екішіден, қызмет алушылар мен мемлекеттік қызметші арасында туындаған даулы мәселелердің әділ шешілуі де осы құрылғылардың арқасында мүмкін болып отыр. Үшіншіден, ондаған қызметкер жұмыс істейтін ғимараттың және департамент меншігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де көмегі көп.Түрлі заңсыз әрекеттерді уақытында тіркеп, құқық бұзушылықты дер кезінде анықтауға, тоқтатуға немесе алдын алуға әбден болады.

Аида ӘБДІРАХМАНОВА,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті облыстық департаментінің маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp