Облыс орталығында 410 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Күн сайын Петропавл қаласындағы тәртіпті қадағалауға 500-ден астам полиция қызметкері мен әскери қызметшілер жұмылдырылады.
Жедел басқару орталығы камераларының патрульдік жасақтардың жұмысындағы көмегі орасан зор. Ел аумағында төтенше жағдай режімі енгізілген уақыттан бастап бейнебақылау камераларының көмегімен 1069 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде 677-сі – жолда жүру ережелерін, 348-і – әкімшілік заңнаманы, 44-і – қоғамдық тәртіпті бұзушылықтар. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларының көмегімен Петропавлда 17 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Бұдан басқа, қалалық полицияға азаматтардан тоғыз мыңнан астам телефон қоңырауы келіп түсті, олардың бәрі тіркеуге алынды.
Карантин кезінде полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарын биліктің барлық талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырады.Сонымен қатар олар азаматтардан жақындары мен туыстарының денсаулықтарына қамқор болуды, оқшаулау ережелерін бұзбауды сұрайды.