Петропавл қаласында тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістерінде 1 мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылды.
Осылайша қазіргі күні 608 кіреберіс қазіргі заманғы техника көмегімен бақылануда. Камералардың барлығы полицияның учаскелік пункттеріне қосылған. Жыл басынан бері осы құралдардың көмегімен 3 мыңға жуық құқық тәртібін бұзу фактілері тіркелген, оның үшеуі – қылмыстық іс. Жыл соңына дейін тағы 100 кіреберіс бейнебақылаумен қамтамасыз етілмекші.