«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЙНЕ ҚАДАҒАЛАУ – ҚЫЛМЫСТЫҢ АЗАЮЫНА СЕП

 Қадағалау органдары құқықтық мәдениетті қалыптастыра отырып, қадағалау шараларын жүзеге асыру барысында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының көмегіне жүгіну тәжірибесін кеңінен қолдана бастады. Биыл бұл жаңашылдық қала мектептеріне енгізіліп, облыс прокуроры Қайрат Әбдіхановтың ұсынысымен алты білім ошағына «PROTECTOR AI» жасанды интеллектісі бар бейнебақылау жүйесі орнатылды.

Енді камера суретке түсіріп қана қоймайды, бұдан бөлек, оқушылардың мінез-құлқы талданып, жағымсыз жайттар байқалса, мектеп директорла­ры Telegram-бот арқылы дереу хабарланады. Талдау көрсет­кендей, жасөспірімдердің қо­ғамдық орындарда, оның ішін­де мектеп қабырғасында әлеу­меттік нормаларды толық сақ­тай бермейтіні, салдарынан түрлі құқық бұзушылықтар кездесетіні белгілі болды. Бұл орайда, ұстаздармен қатар әлеуметтік педагогтар, ата-ана­лардың жауапкершілігін, ке­леңсіз оқиғаларды болдырмау­дың, алдын алудың маңызды­лығын ұмытпаған жөн. Бейне­бақылау жүйелері Петропавл полициясының жедел басқару орталығы арқылы қадағалана­тындықтан, ювеналды қыз­меттің бұзақылық фактілерін анықтау мүмкіндігі арта түсті.

2024 жылы мектептерде ба­лаларды зорлаудың жасырын жағдайлары бірнеше ауданда тіркелді. Ал осыдан екі жыл бұ­рын Петропавл қаласындағы мектептердің бірінде оқушы­ның сабаққа балтамен келіп, бірнеше сыныптасына шабуыл жасағанын көпшілік ұмыта қойған жоқ. Прокуратура заң­ға құрмет отбасы, ошақ қасы­нан, балабақшадан басталып, мектептерде жалғасатынын ес­керіп, кәмелетке толмағандар­мен құқықтық тәрбие жұмыс­тары бағытында заманауи жетістіктерді кеңінен пайдала­нуға жете көңіл бөліп келеді. Профилактикалық жұмыстар­дың тиімділігіне баса назар ау­дарылып, құқық бұзушылық­тарды анықтау және алдын алу үшін жасанды интеллектіні енгізу, осылайша ақпараттық жүйелерді, цифрлық платфор­маларды барынша іске қосу — басты бағдар. Соңғы кездері оқу орындарында IT-техноло­гияларды енгізудің арқасында мектеп оқушыларының көмек сұраған өтініштері көбейді. Өйткені буллинг, басқа да әлімжеттіктер туралы шағым­дар тікелей прокуратураның телеграм-ботына және «Комек Stop Bullying SKO»-ға түседі.

Қайрат Әлиханұлының IT- технологияларды пайдалану­дың, кәмелетке толмағандар­дың құқықтарын қорғау жөнін­дегі ұтқыр топтардың бел­сенділігі арқасында жасөспірімдер қылмысы мен бала­лар қылмысы 20 пайызға тө­мендегені туралы мәлімдем сі — Қанатқақты жоба тиімділігін көрсетіп отыр деген сөз. Алдағы уақытта өңірдің барлық оқу орындарына таратылатын болады. «Киберқадағалау» жү­йесінің көмегімен ондаған зиянды интернет-ресурс бұғат­талды. 2025 жылдың басында Петропавлдағы оқушылардың жалаңаш суреттерін жою үшін олардан ақша талап ету мақсатындағы фотолар Telegram-арналарының бірінде жарияланып, жедел бұғаттал­ды. Бейнекамераларға бұзақы­лық, қоғамдық орындарда ішімдік ішу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу және басқа да фактілер күн сайын жазылып отырады. Мұндай қа­дағалаудың жаңа деңгейі қо­ғамдық қауіпсіздікке төнген қатерді тіркеп қана қоймай, болдырмауға деген игі ықпалы зор. Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қорғауға озық техно­логияларды енгізе отырып, яғни дрондар мен жасанды ин­теллекті жүйелерін қолдану басты бағдар саналады.

«Заң және тәртіп» тұжы­рымдамасы аясында өңірдің пенитенциарлық мекемелерін­дегі жұмысқа да ерекше ден қойылған. Қылмыстық-атқару жүйесі ұйымдарында денсау­лық сақтау басқармасы, адво­каттық және нотариаттық па­латалар өкілдерінің, адам құ­қықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Соттал­ғандарға түрлі мәселелер бо­йынша құқықтық көмектер беріледі. Адвокаттар – 68,сот орындаушылары – 39, нота­риустар – 11, медиаторлар 25 сотталушыға және 55 адамға қызмет көрсетті. Прокурорлар­ға 105 адам жеке өтінішпен жүгінді. 7 медиативтік келісім дайындалып, қажетті дәрі- дәрмекпен қамтамасыз етілді.

Аида БАБАСОВА,

облыстық прокуратураның

баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp