«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЙҚАМДЫҚ ОПЫҚ ЖЕГІЗЕДІ

Өткен аптада 10 өрт оқиғасы тіркелді.

Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылында жалпы аумағы 84 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй толығымен өртеніп кетті. Үй иесі пешті жағып, отбасымен түнеуге ағайындарының үйіне кеткені кейін анықталды. Оттың шығуына пештің ақауы себеп болған деген болжам жасалуда.

Осы ауданның Власовка ауылындағы тұрғын үйдің ішіндегі тоңазытқыш сымдарының қысқа тұйықталуынан от шығып, баспананың қабырғасын жарамсыз етті.  

Өткен аптада Жамбыл ауданындағы Орталық, Қызылжар ауданындағы Большая Малышка, Айыртау ауданындағы Саумалкөл ауылдарында және Мамлютка қаласындағы моншалар отқа оранды. Оларға да пештердің ақауы себеп болған.

Петропавл қаласындағы Строительная және Новая көшелері қиылысындағы темір гаражда және Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында “ЗАЗ” және “Audi А6” автокөліктері белгісіз адамдардың отты аңдамай пайдалануынан және сымдардың қысқа тұйықталуынан отқа оранды.

Жыл басына бері облыста 25 өрт болып, 1,5 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 1 адам қайғылы қазаға ұшырады.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

 облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp