«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕКЕР МАЛ ШАШПАЙЫҚ!

– Президент халқымызға Жолдауын дер кезінде арнады. Неліктен? Өйткені, жаһанды дағдарыс жайлап барады. 90-шы жылдары Қазақстан үлкен сынақтарды өткерді. Сол кезде жас мемлекетіміздің қандай күрделі жағдайларға тап болғаны әрбір тұрғынның жадында: қазынамыз бос, ақшамыз жоқ, сусыз, жарықсыз, жылусыз қалдық. Міне, осындай аса қиын жағдайларға төтеп бердік. Ал бүгіндері қорымыз да, алтынымыз да, мұнайымыз да бар, еліміз экономика бойынша 42-ші орында тұрғанда шыдаймыз. Біз ештеңеден сескенбейміз. Бізге әсте де ешқандай қатер жоқ. Бізде нанымыз да, бәрі де бар.

Президент ел-жұрт өзін түсінуі, осы реформаларға әркім үлесін қосуы үшін ақылдасып отыр. Біз барлық міндеттерді орындау үшін қорытындылар шығаруға тиіспіз. Дағдарыстан сонда ғана ойдағыдай шыға аламыз. Жағдайымыздың жақсаратынына менің ешқандай да күмәнім жоқ.

Мен қазақстандықтар бәрінен бұрын экономикаға назар аударуы тиіс деп есептеймін. Қазір істеп жүргеніміздей, ақшаны босқа шашуға болмайды. Бекер мал шашуды қоятын кез жетті. Және де жұмыс істеу керек.

Тұңғыш Президент күні Елбасымызға денінің саулығын тілеймін! Қалғаны оның қолынан келеді.

Геннадий ЗЕНЧЕНКО,

«Зенченко және К» коммандиттік серіктестігінің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp