
Белгілі ғалым-экономист, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, жерлесіміз Аманжол Қошанов 86 жасында өмірден өтті.
Аманжол Қошанов – нарықтық экономика теориясы саласында еліміздің жетекші ғалым-экономисі. Оның радикал экономикалық реформа, меншік қатынастарын қайта құру және кәсіпкерлікті дамыту, жаһандану және аймақтық интеграция жағдайындағы ұлттық экономикалық мүдделер мен экономикалық қауіпсіздік жүйесі мәселелері бойынша еңбектері елде және шетелде танымал.
Аманжол Қошанов 400-ден аса ғылыми жарияланым авторы, 38-ден аса монографиялық еңбегі бар. Ғылыми және қоғамдық қызметтегі еңбегі, экономика ғылымының дамуына қосқан үлесі зор. Белсенді қоғамдық жұмысы үшін Аманжол Қошанов Қазақстан Президентінің Жарлығымен 2004 жылы «Парасат» орденімен, 2014 жылы III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.