«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЛСЕНДІЛЕРГЕ — МАРАПАТ

Кеше “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ерік Сұлтанов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы науқанына белсенді қатысқан нұротандықтарға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатын табыс етті.

– Өткен сайлауда “Нұр Отан” партиясы ең көп дауыс жинап, айқын жеңіске жетті. Бұл жеңіс қазақстандықтардың бірлігі мен татулығын, Елбасының сарабдал саясатына деген сенімін кезекті рет дәлелдеді. Біздің облысымыз бойынша тұрғындардың 81,57 пайызы сайлауға қатысса, соның 82,7 пайызы “Нұр Отан” партиясына дауыс берді, – деді өңір басшысы.

Сайлауалды штаб мүшелері, белсенділер, сенімді тұлғалар, партияның барлық филиалдарының қызметкерлері ауқымды жұмыс атқарып, 10 мыңнан аса шара өткізген екен. Енді партия алдында көптеген міндеттер тұр. Соның бірегейі – Елбасы таңдаған бағытты жүзеге асыруда қазақстандықтардың қолдауына ие болу. Осының барлығын тиімді атқаруда аға буын тәжірибесімен бөлісуге әзір болса, өскелең ұрпақ артылған сенімді ақтайтындықтарын жеткізді.

– Бүгінде “Нұр Отан” партиясының жұмысы күннен-күнге ширай түсуде. Бұл – өте маңызды. Себебі, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған реформаларды жүзеге асыруда партияның атқарар жұмысы ауқымды болары сөзсіз, – деді еңбек ардагері, Петропавл қаласының құрметті азаматы Александр Липовой.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp