«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРҒА ЖОЛ АШЫҚ

Өңірімізде жыл сайын мыңдаған түлек жоғары және арнаулы оқу орнын бітіріп, мамандық алып шығады. Олардың жұмысқа орналасып, өз салаларында жемісті қызмет етулеріне деген ұмтылыстары жайма-шуақ жаз мезгілінің алғашқы айларында қыза түседі. Бірі аңдатпа толтырып, түрлі мекемелерге бас сұқса, енді бірі соның жауабын күтумен әлек болады. Не десек те, өрендердің екі қолға бір күрек табуы оңай шаруа емес. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен “Түлек – 2015” бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің көздегені де жастардың жұмысқа орналасуларына жәрдемдесу.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің мамандары ұйымдастырған жәрмеңкеге қатысуға елуден астам білім мекемелерінің түлектері ниет білдірді. Оларға өңірдің мемлекеттік мекемелеріндегі әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің бос орындары туралы егжей-тегжейлі талдау ұсынылды.  

Шара барысында сөз алған аталмыш департамент басқармасының басшысы Светлана Зайцеваның айтуынша, мемлекеттік қызметке орналасып, ел игілігі үшін лайықты жұмыс атқаруға ниетті жастардың қатары жыл сайын артып отыр. Бұл жәрмеңкеде ұсынылған жұмыс орындарына қабылдау барысында жастардың белсенділігі, қабілеттілігі ескерілетін болады.

Жоғары оқу орнын өткен жылы бітірген екі өрен – Петропавлдағы мемлекеттік мекемелердің біріне “Жастар тәжірибесі” бағдарламасы арқылы жұмысқа қабылданды.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp