«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР БАС ҚОСТЫ

Шал ақын ауданында “Жастар ауылы – 2015” шарасы ұйымдастырылды. “Аютас” жазғы лагерінде өткен шарада облыстың түкпір-түкпірінен жиналған ұшқыр ойлы 150 жас тоғысты. 4 күндік жиында шығармашыл және белсенді жастар қоғамдық мәселелерге қатысты өз ойларын ортаға салып, тың бастамалар мен ұсыныстарды талқылады.

– Шараның негізгі мақсаты – жастардың басын қосып, олардың өз ауданын көркейтуге қатысты бастамаларын тыңдау, – дейді “Азаматтық бастамаларды дамыту орталығы” қоғамдық бiрлестiгiнiң сектор жетекшісі Динара Мақсұтова.

Шара барысында саясат, журналистика, әлеуметтік басқару мен өзін-өзі жетілдіру салалары бойынша тәжірибесі мол жаттықтырушылар әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Сондай-ақ, жастар викториналық ойындармен қатар, жағажай футболы, волейболы сияқты спорттық ойындарда да сынға түсті

Бақыт СӘДУАҚАСОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp