«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Белсене қатысайық

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

16 сәуір күні өңіріміздің барлық қалалары мен ауылдарында облыстық қайырымдылық сенбілігі өтеді.

Ұлы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында бүгінгі бейбіт өмір үшін жан аямай жауға қарсы күрескен әкелеріміз бен аталарымыздың ерен ерліктеріне бас ие отырып, оларға қамқорлық көрсету үшін 2016 жылғы 16 сәуір күні облыстық қайырымдылық сенбілігіне белсене қатысуға шақырамыз. Барлық меншік иелігіндегі ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары мен ұжымын, оқушылар мен студенттерді, облысымыздың тұрғындарын ұсынысымызды қабыл алып, сенбілік күні көшелер мен аулаларды тазалауға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, жалғызбасты мүгедектерге көмек көрсетуге, сол арқылы біздің ортақ үйіміздің, туған өлкеміздің жаңарып жайнай түсуіне өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

Сенбіліктен түскен қаржыны қайырымдылық шараларына және соғыс ардагерлеріне көмек ретінде аударуды ұсынамыз.

Облыстық қайырымдылық сенбілігіне әкелеріміз бен аталарымыздың соғыстағы ерлігіне тағзым ететін, бейжай қарамайтын солтүстікқазақстандықтар белсене қатысады деген ойдамыз.

Қайырымдылық сенбілігін дайындау және өткізу жөніндегі штаб.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp