«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЛЬГЕРГЕ АРНАЛДЫ

Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-де «Қазақ халқының неміс үлы» тақырыбында белгілі жазушы Герольд Бельгерге арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.

«Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасы жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері Герольд Бельгердің шығармашылығын насихаттауға арналған шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Конференцияға қатысушылар депортацияланған неміс диаспорасының тағдыры, Бельгер шығармаларының әдеби-эстетикалық мән-маңызы туралы ой бөлісіп, туындыларынан үзінділер оқыды. 1941 жылы Волга бойынан ата-анасымен бірге Солтүcтік Қазақстан облысына жер аударылған Герольд Бельгер қазақ ауылында өсіп, қазақ мектебін бітірген. Қазақтың тілі мен мәдениетін насихаттауға айтарлықтай үлес қосқан қайраткер, қазақ, орыс, неміс тілдеріндегі 50-ден астам кітаптың авторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp