
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де замана заңғары, Герольд Бельгердің туғанына 85 жыл толуына орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Жазушы, қоғам кайраткерінің өмірі мен шығармашылығына арналған конференцияга біздің өңіріміз бен Алматы, Карағанды қалаларынан ғалымдар катысуда.
Аталмыш білім ордасының кафедра менгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрболат Абуов сонау жылдары солтүстік өңірге қоныс аударған немістердің қилы тағдыры жайлы айтса, «Wiedergeburt» немістер кеңесі республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Дедерер Герольд Бельгердің азаматтық тұлғасы мен шығармашылығына тоқталды.
Конференцияда өзге де ғалымдар сөз алып, өз ойларын ортаға салуда.