«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЛЬГИЯ СОТЫ ВИНОКУРОВТЫ АҚТАДЫ

Бельгия соты сыбайлас жемқорлық ісі бойынша айыпталған танымал қазақстандық велошабандоз әрі “Astana” велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровты ақтады. 

Жерлесіміз бұл туралы инстаграм әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді: “Бұл мәселенің нүктесі қойылып, соттың әділ шешім шығарғаны үшін өте қуаныштымын. Тек алға, болашаққа қараймыз! Біз биылғы жылы ең сәтті маусымды өткіздік. Алайда алда жұмыстар мен жоспарлар көп”, – деп жазды ол. Бельгия прокуратурасы жерлесімізді 2010 жылы Льеж-Бастонь-Льеж жарысының мәресінде әдейі жеңілгені үшін Александр Колобневке 150 мың еуро төледі деп айыптаған болатын. Іс бірнеше жыл қаралды. Айыпталушы қос тарап та бұл ақпаратты бірнеше рет жоққа шығарған болатын. Дегенмен, прокуратура сот төрағасынан велошабандоздарды жарты жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. Нәтижесінде Бельгия соты істе айғақтар болмағандықтан, Винокуров пен Колобневты ақтап шығарды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp