«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БЕРЕКЕ” – ҮЛКЕН ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, “Береке” шағынауданындағы құрылыс алаңында болды. Бүгінде ондағы құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Үстіміздегі жылы аталмыш шағынауданда бірнеше көпқабатты тұрғын үйдің, дүкендердің және сауда ойын-сауық орталықтарының құрылысы басталған болатын.

2014 жылы бас мердігер “Лира” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жетпіс бес пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын салуды бастаған еді. Аталмыш компанияның директоры Андрей Радченко өңір басшысына жұмыс барысы жайлы баяндады. Оның айтуынша, бір апта ішінде үйге жылу беріліп, әрлеу жұмыстары қарқын алады. Өңір басшысы көпқабатты үйдің құрылысын созбай, белгіленген уақытта – үстіміздегі жылдың наурыз айынан кешіктірмей тапсыруды ұсынды.  

Бүгінде үш құрылыс алаңында 55, 75 және 90 пәтерлі көпқабатты үйлер бой көтеруде. Өңір басшысы құрылыс қарқынын арттыра түсуді тапсырды.

Содан кейін облыс әкімі үшқабатты “Северный” сауда ойын-сауық орталығын салуды жоспарлап отырған “NordLine” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер телімінде болды. Компанияның директоры Олег Когдин Ерік Хамзаұлын сауда ойын-сауық орталығының жобасымен таныстырды. Жобаға қызығушылық танытқан облыс әкімі аталмыш нысанның іргетасы сәуір айынан кешіктірілмей қалануы керектігін жеткізді.

Биыл “Береке” шағынауданындағы Ухабов көшесі бойында үш дүкеннің құрылысы басталып, Гагарин көшесінде ірі сауда орталығы салынады деп жоспарлануда. Оны “Тайга” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алмақ.

Облыс әкімдігінің

 баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp